Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін алуға өтінімді Сіз www.pki.gov.kz веб-сайтында «ЭЦҚ кілттерін алу» бөлімінде өтінім жіберу арқылы бере аласыз.
Берілген өтінімді 30 күнтізбелік күн ішінде басып шығарып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарына ұсыну керек.
Жаңа жеке куәліктерді шығарғаннан кейін сізде ЭЦҚ-ны қолдану мен сақтаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Енді сіздің ЭЦҚ-ңыз әрқашан сізбен бірге болады, бұл қосымша ұтқырлық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. ЭЦҚ-ны жеке куәлікке жаза отырып, сіз «электрондық үкімет» қызметін кез-келген POD-та немесе Интернетке кіру мүмкіндігі бар компьютер арқылы, картаны оқу құрылғысына куәлікті енгізу арқылы пайдалана аласыз. Егер сіз жеке куәлігіңізді жоғалтсаңыз, ЭЦҚ-ның арнайы PIN-кодпен (банк картасына ұқсас) қорғалғанына сенімді бола аласыз.
ЦҚ-ны жеке куәліктің жаңа түріне жазу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Тіркеу орталықтарының операторлары арқылы (электрондық ақпараттық тасымалдаушымен) жүзеге асырылады.
COVID-19 коронавирусының таралуының әлеуетті көздері ретінде ақпаратты қағаз нұсқасындағы айналымынан бас тарту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-ына (ХҚКО) бармай, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар үшін қашықтықтан сәйкестендіру бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін алуға мүмкіндік беретін жобаның іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Алу процедурасымен танысу үшін Сізге келесі сілтеме бойынша өту керек: https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp.
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370 Заңының 14-бабына сәйкес Тіркеу куәлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен он алты жасқа толған тұлғаға беріледі.
Бұл жағдайда қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш беру қажет. ҚР ҰКО жаңа тіркеу куәліктерін алу үшін ҚР ҰКО пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін шығаруға жаңа өтінім беру және өтінімді берген кезде көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттар топтамасын ұсыну қажет.
Сізге qalaqyzmet.kz порталына кіріп, авторланып, меншік иесінің кілтімен ЭЦҚ-ға қол қою қажет. Ол үшін дербес компьютер арқылы кіру, Google Chrome браузерінің болуы қажет. Сондай-ақ дербес компьютеріңізде Еgov.kz немесе pki.gov.kz сайтынан жүктелген NCALayer қосымшасы орнатылуы тиіс.
Порталға авторизациялау кезінде қиындықтар туындаған жағдайда
төмендегі әрекеттерді орындау ұсынылады:
- Пайдаланылатын браузерді тексеру
Жүйеге кіру Google Chrome браузері арқылы (соңғы, жаңартылған нұсқасы) жүзеге асырылып жатқанын тексеріңіз. - NCALayer бағдарламасының бар-жоғын және жұмысын тексеру
Компьютерде NCALayer бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылғанын және іске қосулы тұрғанын растаңыз. - ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) жұмысын тексеру
ЭЦҚ-ға қатысты ақауларды болдырмау үшін egov.kz порталында авторизация жасап көру ұсынылады.
Егер egov.kz порталында жүйеге кіру сәтті орындалса, бұл NCALayer мен ЭЦҚ-ның дұрыс жұмыс істеп тұрғанын білдіреді. - Бетті қайта жүктеу
Бетті мәжбүрлі түрде жаңарту үшін келесі пернелер тіркесімін қолданыңыз:
Ctrl + F5. - Браузер деректерін тазалау немесе инкогнито режимін пайдалану
Егер мәселе шешілмесе:- браузердің тарихы мен кэшін тазалаңыз;
- немесе Ctrl + Shift + N пернелер тіркесімін басу арқылы инкогнито режимінде кіруді жүзеге асырыңыз.
Жоғарыда көрсетілген барлық әрекеттерді орындағаннан кейін де мәселе сақталған жағдайда, порталдың техникалық қолдау қызметіне жүгіну ұсынылады.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 8:30-ден 17:30-ге дейін.
Суды есепке алу құралдары бойынша:
«Астана су арнасы» МКК call-орталығы 76-76-26, 270-370.
Электрондық пошта: astanasu1302@gmail.com, 1302@astanasu.kz
Газды есепке алу аспаптары бойынша:
«Астана қаласының орталық газбен жабдықтау» ЖШС
+7 (7172) 56‒74‒73
+7 (7172) 33‒09‒32
+7 (7172) 33‒08‒11
+7 (7172) 69‒58‒49
Электр энергиясын есепке алу аспаптары бойынша:
«Астана – РЭК» АҚ
(көрсеткіштерді алу, пломбалау/пломбаны алу)
«Сарыарқа» ауданы – 571 383, WhatsApp: 8-777-079-38-42
Мекенжайы: Е-882 көш., 3А
«Нұра» ауданы – 620 417, WhatsApp: 8-771-210-64-96
Мекенжайы: Домалақ ана көш., 9
«Алматы» ауданы – 579 546, WhatsApp: 8-777-079-38-60
Мекенжайы: Қабанбай батыр даңғ., 4/2
«Байқоңыр» ауданы – 576 593, WhatsApp: 8-777-079-38-75
Мекенжайы: Абай даңғ., 80
«Есіл» ауданы – 578 298, WhatsApp: 8-777-079-38-19
Мекенжайы: Сауран көш., 7Б
Тұрғындар санын азайту үшін
«Жеке тұлғалар үшін тұрғындар санын азайту» қызметі бойынша өтініш беру қажет.
Өтініш беру үшін келесі құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:
Құқық белгілейтін құжаттар
(меншік иесі туралы мәліметтер, сатып алу-сату шарты, беру шарты, жалдау шарты, сыйға тарту шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік);
Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер (Т.А.Ә. көрсетіле отырып).
Аталған мәліметтерді egov.kz порталындағы жеке кабинеттен алып, жүктеуге болады немесе «Тіркеуден шығару/выписка» қызметінің скриншотын ұсынуға болады.
Өтінішті қарау мерзімі — 30 күнтізбелік күнге дейін, себебі аталған қызмет бойынша акт жасау үшін контролердің шығуы көзделген.
Қызмет көрсетуші ұйымдар (аудандар бойынша)
Алматы, Сарайшық, Сарыарқа аудандары — ZERO WASTE
Қызмет:
http://qalaqyzmet.kz/services/view.html?id=1e38b956-f9a4-11ef-8eab-8f9e78d45855
Мекенжайы: Астана қ., Республика даңғ., 30
Тел.: +7‒771‒103‒98‒87
Нұра, Есіл аудандары — Taza Zher Capital
Қызмет:
http://qalaqyzmet.kz/services/view.html?id=85c710ea-f9a4-11ef-8eab-8f9e78d45855
Мекенжайы: Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 25/2
Тел.: +7‒747‒382‒47‒77
Сайт: tazazher.kz
Байқоңыр ауданы — ГорКомТранс
Мекенжайы: Астана қ., А. Иманов көш., 13, 3-қабат, 313-кеңсе
Тел.: +7‒700‒806‒10‒52
- интернет-банкинг
- банк кассалары
- банктердің төлем терминалдары
- мобильді қосымшалар (ОйБай, BI Clients)
- «Астана-ЕРЦ» ЖШС сайтында (тіркелу қажет)
Бұл жағдайда Сізге:
- интернет-банкинг арқылы төлеген болсаңыз, төлем жасалған күні Банктің Call-орталығына төлемнің күшін жою туралы өтінішпен жүгіну;
-
терминалдар арқылы төлеген болсаңыз, терминалдық компаниялардың қолдау қызметіне жүгіну;
-
Банк кассасы арқылы төлеген болсаңыз, чекте көрсетілген нөмірлер бойынша немесе банк бөлімшесіне жүгіну қажет.
Бірыңғай төлем құжатының мөрін қалыптастыру үшін деректерді қызмет жеткізушілер береді.
Егер қызмет көрсетушілер (электр, жылу, су және т.б.) төлем шотын дұрыс ұсынбаса, қызмет жеткізушісіне хабарласу керек.
Бірыңғай төлем құжатын (ЕРЦ түбіртегін) келесі тәсілдермен алуға болады:
aerc.kz сайтында
Астана ЕРЦ жеке кабинетінде тіркеуден өтіп, авторизациядан кейін жеке шотыңызды қосу қажет.
Осыдан кейін түбіртек қарау және жүктеу үшін қолжетімді болады.
Qalaqyzmet фронт-офисінде жеке жүгіну арқылы
Түбіртекті келесі мекенжайлар бойынша алуға болады:
Астана қ., Сейфуллин көш., 27;
Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 33.
ТОО «Астана ЕРЦ» бірыңғай төлем құжаты
ай сайын ағымдағы айдың 10–15 күндері аралығында қалыптастырылады және ағымдағы айдың 25-іне дейін төленуі тиіс.
Тұрғын үй иесіне:
- «Астана-ЕРЦ» ЖШС-ның aerc.kz сайтында тіркелу;
- дербес шотыңызды қосып, «E-mail тарату тізіміне жазылу» бөліміне өту;
- көрсетілген өрістерді толтыру және жеке куәліктің көшірмесін қоса беру;
- өтінімді жіберу қажет.
Сондай-ақ, Сіз жеке куәліктің көшірмесімен бірге өтінім қалдыра аласыз: Астана қ., Сарыарқа ауданы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 27, 1-қабат.
Орталықтың жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін.
qalaqyzmet.kz порталында көрсетілген қызметтің нәтижесін жүктеу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- qalaqyzmet.kz порталындағы жеке кабинетке авторизациядан өтіңіз.
- «Өтініштер» бөліміне өтіңіз.
- Берілген өтініштер тізімінен қажетті өтінішті таңдаңыз.
- Өтініштің карточкасын ашыңыз.
- Ашылған терезеде тіркелген файлды (жауапты) өз құрылғыңызға жүктей аласыз.
Жүктелген құжатты сақтауға және кейінгі пайдалануға болады.