Жеке тұлғалар үшін (бар объектілер үшін) тараптардың электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актісін қайта рәсімдеу

Онлайн қызметті калай алуға болады

1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.

2. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда, Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)

3. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)

4. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.

5. «Тіркеу» батырмасын басыңыз

 кеңсесінде қызметті калай алуға болады?

Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан  кеңсесінде ала аласыз.

Сізде келесі құжаттар болуы керек:

Ортақ қызметке:

  • Объектіге құқық белгілейтін құжаттар
  • Бұрынғы иеленушіге энергия беруші ұйым мен тұтынушы арасындағы теңгерімдік тиесілілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісі
  • Берілген кезде қолданыстағы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама (Ф-2 анықтамасы)

Сенімді тұлғаның өтініш беруі (фронт-офиске жүгінген кезде ғана қол жетімді):

  • Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжаттар
  • Сенімгер тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты

Қызмет көрсету нәтижесі

Электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және жеке тұлғалар үшін тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін қайта ресімдеу (қолданыстағы объектілер үшін) немесе дәлелді бас тарту

  • Қызмет беруші
    «Астана – РЭК» АҚ
  • Қызмет алушы
    Жеке тұлғалар
  • Қызмет құны
    Тегін
  • Қызмет көрсету мерзімі
    5 Жұмыс куні
  • Қызмет көрсету түрі
    Электрондық түрде
  • Қосымша

    Бұл қызмет "Астана-АЭК"АҚ желілеріне қосылған объектілердің иелеріне арналған. Үй- жайларды жалға алушылар, сондай-ақ объектілері бөгде ұйымдардың желілеріне қосылған тұтынушылар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінуі қажет.