Жеке тұлғалар үшін электр және жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсету кезінде абоненттің дербес шоттарында тұратындар санын өзгерту
Онлайн қызметті калай алуға болады
1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.
2. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда, Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)
3. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
4. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.
5. «Тіркеу» батырмасын басыңыз
Кеңсесінде қызметті калай алуға болады?
Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.
Сізде келесі құжаттар болуы керек:
Ортақ қызметке:
- Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер (Т. А. Ә. көрсете отырып)
Сенімді тұлғаның өтініш беруі (фронт-офиске жүгінген кезде ғана қол жетімді):
- Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжаттар
- Сенімгер тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты
Жеке тұлғалар үшін электр және жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету кезінде абоненттің дербес шоттарында тұратындар санының өзгеруі