Жеке тұлғалар үшін сумен қамтамасыз ету және/немесе су тарту қызметтерін көрсету туралы шартты жасау
Онлайн қызметті калай алуға болады
1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.
2. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда, Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)
3. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
4. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.
5. «Тіркеу» батырмасын басыңыз
кеңсесінде қызметті калай алуға болады?
Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.
Сізде келесі құжаттар болуы керек:
Ортақ қызметке:
- Объектіні иелену құқығын растайтын құжат (сатып алу-сату шарты, айырбастау шарты, сыйға тарту шарты, мұрагерлік шарты, БТИ куәлігі, үлестік қатысу, қабылдау-тапсыру актісі)
Иесінің тегі өзгерген кезде:
- Некені тіркеу немесе бұзу туралы куәлік, тегін ауыстыру туралы анықтама (егер құқық белгілейтін құжаттарда иесінің тегі өзгергенге дейін тұрған жағдайда).
Сенімді тұлғаның өтініш беруі (фронт-офиске жүгінген кезде ғана қол жетімді):
- Жеке тұлғаның өкіліне сенімхат
- Сенімгер тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат
Сумен жабдықтау және/немесе су тарту бойынша қызметтер көрсетуге келісім-шарт немесе себептемелі бас тарту
-
Қызмет беруші«Астана су арнасы» МКК
-
Қызмет алушыЖеке тұлғалар
-
Қызмет құныТегін
-
Қызмет көрсету мерзімі3 Жұмыс куні
-
Қызмет көрсету түріЭлектрондық түрде
-
Қосымша
Жеке тұлға ретінде тұрмыстық емес қажеттіліктерге арналған үй-жайға «Заңды тұлғалар үшін сумен жабдықтау және/немесе су тарту бойынша қызметтер көрсетуге келісім-шарт жасау» қызмет көрсетуге өтінім беру арқылы келісім-шарт жасау қажет