Заңды тұлғалар үшін электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар беру

 

Онлайн қызметті калай алуға болады

1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.

2. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда, Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)

3. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)

4. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.

5. «Тіркеу» батырмасын басыңыз

кеңсесінде қызметті калай алуға болады?

Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.

Сізде келесі құжаттар болуы керек:

Ортақ қызметке:

  • Ситуациялық жоба
  • Дербес немесе сарапшы ұйымды тарта отырып орындалған мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесі
  • Электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар

Жеке кәсіпкер үшін:

  • Жеке кәсіпкер куәлігі

Заңды тұлғалар ушін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама

5 МВт (5000 кВт) және одан жоғары электр қондырғыларының есептік қуаты кезінде:

  • Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасы электр желілеріне қосу жоспарланып отырған энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі

Өтініш беруші ұйымның басшысы болмаса:

  • Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар
  • Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат

Филиалдар үшін:

  • Филиал директорына бас кәсіпорынан сенімхат, филиал туралы ереженің көшірмесі (көшірмесі)

Құрылыс салушылар ушін:

  • Мердігерлік шарт

Қызмет көрсету нәтижесі

Заңды тұлғалар үшін электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру

  • Қызмет беруші
    «Астана – РЭК» АҚ
  • Қызмет алушы
    Жеке тұлғалар, Заңды тұлғалар
  • Қызмет құны
    Тегін
  • Қызмет көрсету мерзімі
    5 жұмыс күні (17-30-дан кейін өтініш берген кезде есеп келесі жұмыс күнінен басталады)
  • Қызмет көрсету түрі
    Электрондық түрде
  • Қосымша