Жеке тұлғалар үшін телебайланыс қызметтерін қосу немесе қайта рәсімдеу

Онлайн қызметті калай алуға болады

1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.

2. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда, Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)

3. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)

4. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.

5. «Тіркеу» батырмасын басыңыз

Тарифтік жоспарлармен "Қазақтелеком" АҚ ресми сайтында танысуға болады telecom.kz

кеңсесінде қызметті калай алуға болады?

Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.

Сізде келесі құжаттар болуы керек:

Ортақ қызметке:

  • Пәтерге / үйге меншік құқығын белгілейтін құжат (сатып алу – сату, сыйға тарту, мұрагерлік, жекешелендіру және т. б.), немесе осы мекенжай бойынша тұру құқығын растайтын құжат (жалдау шарты, меншік иесінің келісімі мен өтініші, қызметтік пәтерді бөлу туралы шешім/бұйрық және басқалар)

Сенімді тұлғаның өтініш беруі (фронт-офиске жүгінген кезде ғана қол жетімді):

  • Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар
  • Сенім білдірілген тұлғаның Жеке куәлігі (Құжаттың электрондық нұсқасы 2 парақта)

Қызмет көрсету нәтижесі

Жеке тұлғалар үшін телекоммуникация қызметтерін қосу және қайта ресімдеу немесе дәлелді бас тарту

  • Қызмет беруші
    «Қазақтелеком» АҚ
  • Қызмет алушы
    Жеке тұлғалар
  • Қызмет құны
  • Қызмет көрсету мерзімі
    10 Жұмыс күні (техникалық мүмкіндік болған жағдайда)
  • Қызмет көрсету түрі
    Электрондық түрде
  • Қосымша

    Бұл алдын-ала мәлімдеме. Өтініш бергеннен кейін 48 сағат ішінде "Қазақтелеком" АҚ филиалының мамандары сізбен хабарласады (тарифтік жоспарды таңдау үшін). Егер сізде техникалық мүмкіндік болса, құжаттар пакетін қосу және қол қою күні сізбен келісіледі.