Заңды тұлғалар үшін бұрын қосылмаған объектіні (салынған, пайдалануға берілген объект үшін) жылу желілеріне қосқан кезде техникалық шарттарды беру

Онлайн қызметті калай алуға болады

1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.

2. Өтініш берушінің түрін таңдаңыз (Заңды тұлға, ЖК)

3. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда, Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)

4. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)

5. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.

6. «Тіркеу» батырмасын басыңыз

 кеңсесінде қызметті калай алуға болады?

Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан  кеңсесінде ала аласыз.

Сізде келесі құжаттар болуы керек:

Ортақ қызметке:

  • Жер учаскесінің жоспары бар жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті
  • Ғимараттың техникалық пасторты
  • Меншік құқығын растайтын құжаттар

Өтініш беруші ұйымның басшысы болмаса:

  • Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар
  • Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат

Қосалқы тұтынушының тұтынушыдан қосылуы:

  • Тұтынушы қосалқы тұтынушыға берген техникалық шарттарды келісу парағы

Қызмет көрсету нәтижесі

Техникалық шарттар немесе дәлелді бас тарту

  • Қызмет беруші
    «Астана - Теплотранзит» АҚ
  • Қызмет алушы
    Жеке тұлғалар, Заңды тұлғалар
  • Қызмет құны
    Тегін
  • Қызмет көрсету мерзімі
    5 Жұмыс куні
  • Қызмет көрсету түрі
    Электрондық түрде
  • Қосымша

    ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына» сәйкес «Қосалқы тұтынушылар, тұтынушылардың жылу желілеріне қосылатын жылу тұтыну қондырғылары, техникалық шарттарды тұтынушыдан алады және тұтынушыға техникалық шарттарды берген энергия беруші (энергия өндіруші) ұйыммен келісіледі. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның қосалқы тұтынушыларға техникалық шарттарды тұтынушының келісімімен беруіне жол беріледі».