Тұрмыстық тұтынушыларға, жеке меншікке арналған электрмен жабдықтау шартын жасасу қайталама объект (меншік иесінің ауысуы)
Онлайн қызметті калай алуға болады
1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.
2. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда, Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)
3. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
4. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.
5. «Тіркеу» батырмасын басыңыз
Кеңсесінде қызметті калай алуға болады?
Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.
Сізде келесі құжаттар болуы керек:
Ортақ қызметке:
- Жеке куәлік
- Электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі (жаңа меншік иесіне қайта ресімдеу)
- Үйге меншік құқығын белгілейтін құжат (сатып алу - сату, сыйға тарту, жекешелендіру шарты және т. б.) немесе осы мекенжай бойынша тұру құқығын растайтын құжат (жалдау шарты, қызметтік үй бөлу туралы шешім/бұйрық және т. б.)
- Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер (Т. А. Ә. көрсете отырып)
Сенімді тұлғаның өтініш беруі (фронт-офиске жүгінген кезде ғана қол жетімді):
- Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар
- Сенімгер тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты
Тұрмыстық тұтынушыны электрмен жабдықтау шартын, жеке үй иесіне, қайталама объектіге жасасу не дәлелді бас тарту