Жеке тұлғалар үшін электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру
Онлайн қызметті калай алуға болады
1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.
2. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда, Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)
3. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
4. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.
5. «Тіркеу» батырмасын басыңыз
кеңсесінде қызметті калай алуға болады?
Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.
Сізде келесі құжаттар болуы керек:
Ортақ қызметке:
- Жеке куәлік
- Ситуациялық жоба
- Дербес немесе сарапшы ұйымды тарта отырып орындалған мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесі
- Электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар
5 МВт (5000 кВт) және одан жоғары электр қондырғыларының есептік қуаты кезінде:
- Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасы электр желілеріне қосу жоспарланып отырған энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі
Сенімді тұлғаның өтініш беруі (фронт-офиске жүгінген кезде ғана қол жетімді):
- Сенімхат
- Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат
Техникалық шарттар немесе дәлелді бас тарту
-
Қызмет беруші«Астана – РЭК» АҚ
-
Қызмет алушыЖеке тұлғалар
-
Қызмет құныТегін
-
Қызмет көрсету мерзімі5 жұмыс күні (17-30-дан кейін өтініш берген кезде есеп келесі жұмыс күнінен басталады)
-
Қызмет көрсету түріЭлектрондық түрде
-
Қосымша