Заңды тұлғалар үшін сумен қамтамасыз ету және/немесе су тарту қызметтерін көрсету туралы шартты жасау
Онлайн қызметті калай алуға болады
1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.
2. Өтініш берушінің түрін таңдаңыз (заңды тұлға, ЖК, ЖТ)
3. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда,Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)
4. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
5. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.
6. «Тіркеу» батырмасын басыңыз
кеңсесінде қызметті калай алуға болады?
Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.
Сізде келесі құжаттар болуы керек:
ЖШС, АҚ, МКК түрі бар заңды тұлға үшін:
- Заңды тұлғаның тіркеуі туралы куәлігі
- Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Заңды тұлға үшін ЖК
- Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік
Заңды тұлғалардың барлық типтеріне арналған жалпы құжаттар:
- Құқық белгілеуші құжаттар (сатып алу-сату шарты, қабылдау-тапсыру актісі)
- Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама (2 нысан ХҚКО)
- Су тұтыну мен кәрізге қойылатын техникалық шарттар (талаптар)
- Есепке алу аспаптарына (су өлшегіштерге) Паспорт немесе есептегіштің фотосуреті
- Жеке тұрған ғимаратқа шекараны бөлу актісі,
- Салыстырып тексеру актісі немесе объектіге шот фактура
Сенімді тұлғаның өтініш беруі (фронт-офиске жүгінген кезде ғана қол жетімді):
- Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар
- Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат
Сумен жабдықтау және/немесе су тарту бойынша қызметтер көрсетуге келісім-шарттар немесе себептемелі бас тарту