Жеке тұлғалар үшін тұрмыстық тұтынушыны жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсету шартын жасау, көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі пәтерге
Онлайн қызметті калай алуға болады
1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.
2. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда, Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)
3. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
4. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.
5. «Тіркеу» батырмасын басыңыз
Кеңсесінде қызметті калай алуға болады?
Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.
Сізде келесі құжаттар болуы керек:
Ортақ қызметке:
- Пәтерге / үйге меншік құқығын белгілейтін құжат (сатып алу – сату, сыйға тарту, мұрагерлік, жекешелендіру және т. б.), немесе осы мекенжай бойынша тұру құқығын растайтын құжат (жалдау шарты, меншік иесінің келісімі мен өтініші, қызметтік пәтерді бөлу туралы шешім/бұйрық және басқалар)
Дербес шотты алғаш ашқан кезде:
- Көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге техникалық паспорт (Н-3)
- Су өлшегіштерді тіркеу актісі
- Тұрғын үй салушыдан пәтерді қабылдау-тапсыру актісі
- Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер (Т. А. Ә. көрсете отырып)
Сенімді тұлғаның өтініш беруі (фронт-офиске жүгінген кезде ғана қол жетімді):
- Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжаттар
- Сенімгер тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты
Жеке тұлғалар үшін тұрмыстық тұтынушыны жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуге, көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі пәтерге шарт жасасу немесе дәлелді бас тарту