Заңды тұлғалар үшін сумен қамтамасыз ету және/немесе су тарту қызметтерін көрсету туралы шартты қайта жасау

Онлайн қызметті калай алуға болады

1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.

2. Өтініш берушінің түрін таңдаңыз (Заңды тұлға, ЖК)

3. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда,  Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)

4. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)

5. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.

6. «Тіркеу» батырмасын басыңыз

 кеңсесінде қызметті калай алуға болады?

Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.

Сізде келесі құжаттар болуы керек:

ЖШС, АҚ, МКК түрі бар заңды тұлға үшін:

1.1 Заңды тұлғаның тіркеу куәігі

1.2 Басшысын тағайындау туралы бұйрық

1.3 Басшының жеке куәлігі

1.4 Заңды тұлғаның өкіліне сенімхат

1.5 Заңды тұлғаның өкілінің жеке куәлігі

1.6 Банк деректемелері

Заңды тұлға үшін: ЖК, ЖТ:

1.7 Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік (патент, лицензия)

Заңды тұлғалардың барлық типтеріне арналған жалпы құжаттар:

1.8 Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама

1.9 Су тұтыну мен кәрізге қойылатын техникалық шарттар (талаптар)

1.10 Есепке алу аспаптарына (су өлшегіштерге) Паспорт немесе есептегіштің фотосуреті

1.11 Заңды тұлғаның өкіліне сенімхат

1.12 Заңды тұлғаның өкілінің жеке куәлігі

1.13 Жеке тұрған ғимаратқа шекараны бөлу актісі,

Өтініш беруші ұйымның басшысы болмаса:

  • Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар
  • Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат

Қызмет көрсету нәтижесі

Заңды тұлғалар үшін сумен жабдықтау және/немесе су бұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты қайта жасасу немесе дәлелді бас тарту

  • Қызмет беруші
    «Астана су арнасы» МКК
  • Қызмет алушы
    Заңды тұлғалар
  • Қызмет құны
    Тегін
  • Қызмет көрсету мерзімі
    15 Жұмыс куні
  • Қызмет көрсету түрі
    Электрондық түрде
  • Қосымша