Заңды тұлғалар үшін жылу тұтынатын қондырғылар мен жылу желілерінің алдағы жылыту маусымына техникалық дайындығы актісін рәсімдеу

Онлайн қызметті калай алуға болады

1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.

2. Өтініш берушінің түрін таңдаңыз (Заңды тұлға, ЖК)

3. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда,  Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)

4. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)

5. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.

6. «Тіркеу» батырмасын басыңыз

 кеңсесінде қызметті калай алуға болады?

Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.

Сізде келесі құжаттар болуы керек:

Өтініш беруші ұйымның басшысы болмаса:

  • Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар
  • Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат

Ортақ қызметке:

  • Алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша орындалған жұмыстар актісі
  • ЖЕЖ және ЖРАЖ, желдету жүйесіне қызмет көрсетуге сервистік ұйымнан анықтама
  • Жылу желісін толтыру туралы акт (тәуелді қосылу схемасы үшін)
  • Жылу шаруашылығына жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылу тұтынатын қондырғылар мен жылу желілерінің алдағы жылыту маусымына техникалық дайындық Актісі немесе себептемелі бас тарту

  • Қызмет беруші
    «Астана - Теплотранзит» АҚ
  • Қызмет алушы
    Жеке тұлғалар, Заңды тұлғалар
  • Қызмет құны
    Тегін
  • Қызмет көрсету мерзімі
    7 Жұмыс куні
  • Қызмет көрсету түрі
    Электрондық түрде
  • Қосымша