Жеке тұлғалар үшін жаңадан қосылатын және қайта құрылатын объектілердің жылу тұтынатын қондырғылары мен жылу желілерінің техникалық дайындығы актісін рәсімдеу
Онлайн қызметті калай алуға болады
1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.
2. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда, Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)
3. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
4. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.
5. «Тіркеу» батырмасын басыңыз
кеңсесінде қызметті калай алуға болады?
Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан кеңсесінде ала аласыз.
Сізде келесі құжаттар болуы керек:
Сенімді тұлғаның өтініш беруі (фронт-офиске жүгінген кезде ғана қол жетімді):
- Сенімхат
- Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат
Ортақ қызметке:
- Жылу тұтыну түрлері бойынша жылу жүктемелерінің сипаттамалары бар ЖЖ бөлімі парағының көшірмесі
- Сыртқы және ішкі жылу желілері үшін (жуу, сығымдау, баптау) қабылдау-тапсыру жұмыстары актілерінің көшірмесі
- Жылу шаруашылығына жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі,немесе мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсету шартының көшірмесі (жылу энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларды қоспағанда)
- Құқық белгілейтін құжаттар өтініш берген жеке/ заңды тұлға қосылуға арналған техникалық шарттарда (сату, жалға беру, сыйға тарту шарты, мердігерлік шарт) көрсетілмеген жағдайларда қажет)
- Авторлық қадағалау қорытындысы (бұл құжат коммерциялық үй-жайлар үшін және екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлер үшін талап етіледі)
- Бас тарту кезінде пайдаланушы қоса берген құжат
Жылу тұтынатын қондырғылар мен жылу желілерінің техникалық дайындығы актісі немесе себептемелі бас тарту