Заңды тұлғалар үшін жаңадан қосылатын объектіге тұрмыстық емес тұтыну үшін (соның ішінде ЖК құрмаған жеке тұлғаларға) жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуге шарт жасау

Онлайн қызметті калай алуға болады

1. Бұл бетте «Тапсырыс беру қызметі» батырмасын басыңыз.

2. Сіздің деректеріңізді автоматты түрде толтыруды күтіңіз (егер сіздің деректеріңіз автоматты түрде толтырылмаған жағдайда,  Қалалық қызметтер орталығына хабарласыңыз)

3. Барлық қалған өрістерді толтырыңыз ("*"жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)

4. Қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз.

5. «Тіркеу» батырмасын басыңыз

Кеңсесінде қызметті калай алуға болады?

Сіз бұл қызметті Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі,24,1қабат мекенжайында орналасқан  кеңсесінде ала аласыз.

Сізде келесі құжаттар болуы керек:

Ортақ қызметке:

  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама немесе жылумен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі /жалдау шарты/сыйға тарту шарты
  • "Астана-Теплотранзит" АҚ жылу желілеріне объектінің жүктемелерін қосуға арналған техникалық шарттар
  • Жылу желілері мен жылу пайдаланатын қондырғылардың жай-күйіне қызмет көрсету шекарасын белгілеу актісі
  • Тұтынушының жылу тұтыну қондырғылары мен жылу желілерінің жылу энергиясын қабылдауға техникалық дайындық актісі

Өтініш берушінің түрі үшін ЗТ: ЖШС/АҚ /МКК:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама

Өтініш берушінің түрі үшін: ЖК:

  • Жеке кәсіпкер куәлігі немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді (талон/хабарландыру)

Филиалдар үшін:

  • Бас кәсіпорыннан филиал директорына берілген сенімхат
  • Филиал туралы ереже

Бюджеттік қызметкерлер үшін:

  • Қабылдау-тапсыру актісі
  • Объектіні ММ, РММ, РМҚК және т. б. теңгеріміне беру туралы ҚР Үкіметінің (Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің) бұйрығы

Құрылыс салушылар ушін:

  • Объектіні пайдалануға қабылдау актісі
  • Мердігерлік шарты
  • Құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығына тапсырыс берушіге Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысынан үзінді
  • Объектінің құрылысын аяқтауға тапсырыс берушіге Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысынан үзінді

Сенімді тұлғаның өтініш беруі (фронт-офиске жүгінген кезде ғана қол жетімді):

  • Өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжаттар
  • Сенімгер тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты

Қызмет көрсету нәтижесі

Жаңадан қосылатын объектіге заңды тұлғалар үшін, тұрмыстық емес тұтыну үшін (оның ішінде ЖК құрмай жеке тұлғалар) жылу энергиясымен жабдықтау бойынша шарт жасасу немесе дәлелді бас тарту

  • Қызмет беруші
    «Астана - Теплотранзит» АҚ
  • Қызмет алушы
    Жеке тұлғалар, Заңды тұлғалар
  • Қызмет құны
  • Қызмет көрсету мерзімі
    5 Жұмыс куні
  • Қызмет көрсету түрі
    Электрондық түрде
  • Қосымша